Абай облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметінің басшысы Гүлвира Дөненбаева мен Абай ауданының инспекторы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«8 тамызда Семей қаласының №2 сотымен Абай облысының ПД көші - қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықовқа және Семей қ. ПБ көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметоваға қатысты үкім жарияланды», - делінген хабарламада.
Көші-қон қызметінің басшысы Дөненбаева инспектор Садықов арқылы Нұрахметованы тағайындау үшін 1 мың доллар аударған.
Ақпаратқа сәйкес, Дөненбаева 4 жыл, Нұрахметова 3 жыл, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
«Сонымен бірге сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылады», - деп толықтырды коррозияға қарсы қызмет.
Айта кетейік, Дөненбаева бірнеше жыл бұрын желі қолданушылары сынға алған ерекше шаш үлгісімен көрінгеннен кейін көпшілікке танымал болған.
If you approach the production, they will organize pressure from Russia in various ways - Abzal Kuspan