Қазақстанның белгілі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Екінші айналымдағы кездесуде қазақстандық теннисші үш сетте 6:3, 3:6, 6:3 есебімен әлемнің 72-ші ракеткасы Лаура Зигемундты (Германия) ұтты.
Матч 2 сағат 12 минутқа созылды.
Еленаның келесі қарсыласы Каролина Возняцки (91 WTA, Дания) - Лейла Фернандес (25 WTA, Канада) арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ.
Айта кетсек, Бүкілағылшындық лаун-теннис клубының шөпті корттарында қазақстандық спортшы 16 мәрте жеңіске жетіп, екі рет жеңілді.
Related news
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge