“Аптап ыстық”. Меккедегі өлімнің себебі айтылды

3443
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/zam-zam-kazahstan-960x500.jpeg?token=1b083c4d224d34fa5b7ed1bee2d3fb41
Қажылыққа аттанғандар аптап ыстықтан көз жұмуда. Ресми деректерде 500-ден астам туристің Меккеде қайтыс болғаны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. ВВС агенттігінің мәліметінше Меккедегі өлімнің бірнеше себебі анықталған. Бірінші себеп – қатты ыстық. Агенттік мәліметінше ажалдың басты себебі осы фактор. Меккеде бұл жолы көлеңкедегі ауа температурасы 51 градустан жоғары болған және тек түнде кейде 40-тан төмен түскен. Екінші себеп - санитарлық тазалық. Туристердің көбі биыл Меккеде жүріп-тұрудың қиындығына шағымданған. Себебі шатырлар қоқысқа толған. Сонымен қатар кейбір жерде салқындату жүйесі болмаған. Үшінші мәселе - жолдағы кедергі. Кейбір деректерде қажылық кезінде туристердің аптап ыстықта жаяу жүруге мәжбүр болғаны айтылуда. Қажылардың бірі жеті шақырым көлеңкесіз және бір тамшы сусыз жүріп, жол кедергі  көптігін айыптаған. Төртінші мәселе - медициналық көмектің жетіспеушілігі. Қажылыққа келгендердің басым көпшілігі медициналық көмектің жоқтығына шағымданған. Олар жедел жәрдем көліктерін ұзақ күтіп, кейбірі медицина қызметкерлерінің немқұрайлы болғанын айтқан. Биыл қажылықта құжатсыз қажылар да кездескен. Одан бөлек егде жастағы, әлсіз немесе науқас қажылар көп. Олардың денсаулығы қажылыққа жарамайды. Алайда көптеген туристер соған қарамастан Меккеге аттанған.
Comments