7 млрд теңге Атырау облысында су тасқынынан ең көп зардап шеккен Құлсары қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіру мақсатында бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» арқылы «Атырау» әлеуметтік дамыту корпоративтік қорына аударылды. Бұл игі іс «Қазмұнайгаз» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Жалпы осыған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы елімізде орын алған су тасқынына қарсы күреске 15 млрд теңге бөлген болатын. Сонымен бірге портфельдік компаниялар

Бүгінде Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорына еншілес кәсіпорындардың серіктестерінен су тасқыны салдарын жоюға қаражат түсу жалғасуда. Олардың ішінде мұнай-газ секторындағы румындық «Rompetrol», ірі атом компаниялары «Cameco» және «CGN» және «Marubeni» жапондық сауда компаниясы бар. Қаражат өңірлердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталатын болады.