Индербор кентіне баратын жолды су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қазақпаратқа сілтеп.
Атырау-Орал трассасынан Индер ауданына баратын 7 шақырымдық жолды су басу қаупі төнгендіктен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Қауіптің күшею себебі Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілуі мен екпінді жел.
12 мамыр күні күндізгі 16:00-де Жайық өзенінің су деңгейі 1 035 сантиметрге жеткен. Жергілікті жедел штаб бұл қауіпті деңгейден +190 сантиметрге көп екенін хабарлайды.Related news
«Жолдың екі жағына топырақ төгіліп, бөгет соғылған еді. Бірақ, су асфальттың астынан өтіп, енді бетіне шығып жатыр. Осыған байланысты Атырау-Орал трассасынан Индербор кентіне дейін баратын 7 шақырымдық жолда жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды. Қазір жағдай бақылауға алынып, тиісті жұмыстарды атқару әлі де жалғасуда», - деп хабарлады аудандық жедел штабтан.