Солтүстік Қазақстан облысындағы тасжолда полицейді көлік қағып өлтірді

3186
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/patruldik-policziya-960x500.jpg?token=d989f01176013ca48ca5cfc62b6a8185
Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ведомство мәліметінше, қызметкер оқиға орнында қаза тапқан. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. "28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Comments