Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін әскери қызметшілер көмекке жіберілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Су тасқыны салдарынан Жылыой ауданында жағдай әлі де қиын екені айтылуда.
Бүгін Атырау облысына су тасқынының алдын алуға, халыққа қол ұшын созып, қауіпсіз жерге көшіру үшін Қорғаныс министрлігінің 300-ден астам әскери қызметшісі көмекке жіберілді.
Атырау облысының Құлсары қаласында жағдай қиын. Қалада тұрғындары суға кеткен үйлеріне алыстан қарап, бақылауда.
Ресми деректерге сүйенсек, Құлсарыда 31 шағын ауданның 10 шақтысын, 2 600 үйді су басқан.
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
