Алматы халқы жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі тағы да жер сілкінісін тіркеген. Дүмпу 2024 жылғы 7 сәуірде Алматы уақытымен 13 сағат 46 минутта болған.
"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында (Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 460 шақырым жерде) орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,5. MPV магнитудасы - 5,31", - делінген хабарламада.Алматыда 2 балл сезілді.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe