Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов Бишімбаевтың оған қысым көрсетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сот отырысында Байжановтың адвокаты соттан «сотталушы Бишімбаев пен сотталушы Байжановтың бөлек отырғызуын» сұрады.
"Бишімбаевтың Байжановпен байланысу мүмкіндігі болмауы үшін осылай жасау керек болады. Бұл - Байжановтың қалауы. Байжанов оған қысым жасалып жатқанын айтты", - деді адвокат сотта.
Сотталушы Байжанов қорғаушысының сөзін растады.
«Ол (Бишімбаев – журналист) маған: «Мынаны айт, мынаны айт» деп жан-жақты қысым көрсетуде. Айғаққа қатысты айтып жатыр», - деді ол судьяға.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бишімбаев сот отырысында Нүкенованы өлер алдында қалай соққыға жыққаны жайлы өз нұсқасын айтып берген болатын. Сондай-ақ, оның адвокаттары сотта жалған дерек көрсеткені үшін судьядан ескерту алды.
Related news
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States
MARAT BAIDILDAULY: There is a big threat of sanctions against Kazakhstan, so it is better to suspend the EAEU agreement for 3-5 years.