Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні жұмыс сапарымен су тасқынынан өңірлердің біріне бармақ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", – деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.Айта кетейік, бүгін үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі 5 облыста әлі де су басу аймағында екенін атап өткен болатын.
Related news
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)
