Қарағанды облысы аумағындағы Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі бар алты жағдай тіркелген. Тіркелген жағдайдың үшеуі Шет ауданындағы үш елді мекенде орын алған.
Су басқан үйлерден 292 адам, оның ішінде 114 бала эвакуацияланған.
"Аудандағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі болып отыр. Сонымен қатар тасқын су инженерлік желілерге зақым келтірмеді, елді мекендермен байланыс үзілген жоқ. Менің шешіміммен ауданда төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындарға шығынды есептейтін арнайы комиссия құрылды. Сенім телефоны 8 (710 31) 21-3-04, 21-5-09 жұмыс істейді", - деп мәлімдеді аудан әкімі Мұхит Мұхтаров.
Related news
A presentation of books published within the framework of the "New Kazakh Literature" project was held in Almaty
"I will stop the Nazarbayev clan": Hasen Kozhakhmet announced that he wanted to become the President of the Republic of Kazakhstan
