Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Президент ертең Наурыз мейрамына орай Алматыда ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады.
Айта кетсек, бұл президенттің жыл басынан бергі Алматыға екінші сапары. Ол бұған дейін 24-25 қаңтарда, жер сілкінісінен кейін бірден қалаға барды.
Ол кезде мемлекет басшысы бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, мегаполистің жол-көлік жүйесін дамыту бойынша әкімдіктің жоспарымен танысты. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның жұмысы туралы баяндады.
Related news
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)
Kazakhstan is in the third place among the countries that deliberately shut down the Internet and suffered losses