Президент жұмыс сапарымен Алматыға келді

1763
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/8a8062be-2bff-488a-9262-c4c63df671d0-960x500.jpeg?token=5452a22143d12ad174e79d052dd354a2
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент ертең Наурыз мейрамына орай Алматыда ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады.

Айта кетсек, бұл президенттің жыл басынан бергі Алматыға екінші сапары. Ол бұған дейін 24-25 қаңтарда,

жер сілкінісінен кейін бірден қалаға барды.

Ол кезде мемлекет басшысы бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, мегаполистің жол-көлік жүйесін дамыту бойынша әкімдіктің жоспарымен танысты. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның жұмысы туралы баяндады.

评论
其他材料