Түркиялық ASELSAN компаниясы әзірлеген «Deringöz» алғашқы автономды суасты аппараты пайдалануға дайын, деп хабарлайды «Адырна» Аnadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Қорғаныс компаниясының хабарлауынша, құрылғы модульдік құрылымға ие. Ол алдағы уақытта әскери және азаматтық мақсатта қолданылмақ.
«ASELSAN өнертабысы — кең ауқымды тапсырмаларды орындауға дайын инновациялық техникалық шешім. Атап айтқанда, оны су астындағы зерттеулер, барлау және қадағалау, миналарды анықтау, құбырларды тексеру, порт пен базаны қорғау сияқты тапсырмалар үшін тиімді пайдалануға болады»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, түрік инженерлері жасап шығарған құрылғы 600 метр тереңдікте жұмыс істей алады.
Related news
The Turkic Academy commemorates the victims of Azerbaijani political repression at the ALZHIR Museum