Қарағанды облысына қарасты Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі жұмыстан шығарылды. Ол мас күйінде көлік жүргізіп, 15 күнге қамауға алынған еді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Шенеунікті қызметінен босату туралы шешімді Этика кеңесі қабылдады.
«Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша Бұқар жырау ауданының әкіміне Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 6 және 10 - тармақтарының 4, 5 және 8-тармақшаларын сақтамағаны үшін атқаратын қызметінен босату ұсынылды»,—делінген хабарламада.
Тергеу барысында әкімнің бұған дейін де мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды.
Related news
"I will stop the Nazarbayev clan": Hasen Kozhakhmet announced that he wanted to become the President of the Republic of Kazakhstan