Елімізде құтқарушылардың жалақысы 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайтылады, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Бұл туралы Үкімет басшысы хабарлады.
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов құтқарушылардың жалақысы көтеру мақсатында сауал жолдаған болатын.
Үкімет басшысы Бектенов 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 40%-ға өскенін айтты.
Сондай-ақ денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін құтқарушыларға лауазымдық жалақысының 70%-ы мөлшерінде қосымша ақы белгіленді, - деді өз сөзінде Премьер.Бұдан бөлек, қызметкерлердің жалақысы да кезең-кезеңімен көтеріліп жатқанын айтты. Құтқарушылардың жалақысы қалай көтеріліп жатыр. Ал Үкімет құтқарушылардың жалақысы 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайтылатынын есептеді.
Related news
Let them go with their guests." The deputy governor of Mangistau region was absent during the government hours
Kazakhstan can become one of the attractive destinations for Chinese tourists". President's opinion on the visa-free regime with China