Астанада 7 жастағы бала суға батып бара жатқан досын құтқарып қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 102-ге Есіл өзенінің жағасында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққан туралы хабар келіп түскен. Шақырту бойынша сол жерге автопатруль жіберілді.
«7 жастағы бала түскі астан кейін досымен бірге жағалауда серуендеуге шыққаны анықталды. Ойнап жүріп балалар мұзға шығып кеткен. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға түсіп кеткен.
Related news
Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Пусь Дархан атты балаға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды.