Қазақстанда ұлттық теле-радиоарналарда зиянды тауарлардың жарнамасына уақытша шектеу енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы депутаттардың сауалына берген жауабында вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат министрліктері ұлттық телерадиоарналарда балалар үшін қауіпті тауарларды жарнамалауға уақытша шектеу енгізу мәселесін пысықтап жатыр", - делінген жауапта.
Сондай-ақ өнімге түсті таңбалау енгізу бойынша кәсіпкерлермен жұмыс жалғасып жатыр. Оған маңызды заттардың (тұз, қант, трансмайлар) қосылғанын ескере отырып қосымша түсті индикация енгізіледі.
Одан бөлек, денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер аясында қант қосылған сусындарға салық енгізу қарастырылуда. Заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр.
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
