Маңғыстауда "ҚазТрансОйл" өрт сөндірушілері жұмысқа шықпады

3177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/whatsapp-image-2024-02-18-at-21.58.08.jpeg
Маңғыстауда "ҚазТрансОйл" компаниясының өрт сөндірушілер жұмысқа шығудан бас тартқан, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Lada.kz-ке сілтеп. Қызметкерлер бейне хабарлама жазды. Құтқарушылар Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай, Қаражанбас және Қаламқастағы жұмыстарды тоқтатқанын мәлімдеді. Өмірзақ ауылының өрт сөндірушілері де ереуілге шығып, жұмысқа шығудан бас тартқан. Қызметкерлерлің ереуілге шығу себебі - жалақы мәселесі. Өрт сөндірушілердің айтуынша, ай сайынғы жалақы 130-дан 150 мың теңге. Өрт сөндірушілер күн сайын жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерлер мен тәуекелдерге баратынын айтып, айлықты көтеруді сұрайды. Ереуілшілер жалақыны 350 мың теңгеге дейін көтеруді талап етіп отыр.
Comments