Маңғыстауда "ҚазТрансОйл" компаниясының өрт сөндірушілер жұмысқа шығудан бас тартқан, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Lada.kz-ке сілтеп.
Қызметкерлер бейне хабарлама жазды. Құтқарушылар Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай, Қаражанбас және Қаламқастағы жұмыстарды тоқтатқанын мәлімдеді.
Өмірзақ ауылының өрт сөндірушілері де ереуілге шығып, жұмысқа шығудан бас тартқан. Қызметкерлерлің ереуілге шығу себебі - жалақы мәселесі.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, ай сайынғы жалақы 130-дан 150 мың теңге. Өрт сөндірушілер күн сайын жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерлер мен тәуекелдерге баратынын айтып, айлықты көтеруді сұрайды. Ереуілшілер жалақыны 350 мың теңгеге дейін көтеруді талап етіп отыр.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз