16 ақпанда Алматы әуежайынан бес рейс тоқтатылып, 60-ы кейінге қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, қазір әуежай терминалында 750-ге жуық жолаушы өз рейстерін күтіп отыр. “Қазіргі уақытта Алматы аэродромының аумағындағы ауа райы: жел 4 м/с, көру қашықтығы 10 км, тұман, ауа температурасы -17. Қазіргі уақытта ауа райы жағдайына және жауын-шашынға байланысты (қатты қар жауып, тұман) әуежайда ұшу-қону жолағы мен перронды тазалау жұмыстары жүргізілуде”, - делінген хабарламада. Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету себебінен болып жатқанын атап өтті. "Ауа-райы жақсарған сайын рейстердің кешігуіне қатысты жағдай тұрақталуда. Әуежай басшылығы жұмылдырылып, авиакомпания өкілдері жолаушыларды барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде", - деп хабарланды. Айта кетейік, 17 ақпандағы сағат 02:00-ге дейін желдің екпіні 8 м/с, көріну 800 м, нөсерлі қар, қалың тұман. Ал сағат 10:00-ден бастап желдің екпіні 3 м/с жетеді, көріну 3 100 м, жауын-шашын болжанбайды, температура -15.“Адырна” ұлттық порталы
Related news