Cемейдің барлық ауданында жарық сөніп қалды

2131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/img_0311.jpeg

Семей қаласында жаппай апат болып,  барлық ауданда жарық өшіп қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Энергетика министрлігі шаһарда электр қуатына қатысты мәселелердің туындағанын мәлімдеді.

«Сағат 13:30-да «KEGOC» АҚ желілерінде электр қуатының үзілуі салдарынан Семей

қаласында да жарық өшті. Сағат 13:45-те электр қуаты қайта берілді»,—делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жергілікті БАҚ электр жарығы қалпына келгенімен, аудандардың басым көпшілігінде су әлі қосылмағанын жазуда.

Comments