«Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 1 миллиард теңге ұрланғаны анықталды. Бұл жайлы Павлодар облысының прокуратурасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады»,- делінген хабарламада
Қылмыстық кодекстің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның аясында қылмыстың барлық мән-жайы, залалдың түпкілікті сомасы және оған қатысы бар адамдар тобы анықталады.
Related news
The situation is getting worse". The XXI meeting of the Congress of Leaders of World and Traditional Religions has started in Astana