Қазақстан Президенті Қатарға іс-сапармен аттанды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.
Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты арнайы қарсы алды.
Мемлекет басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.
Бүгін, 14 ақпан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен арнайы келіссөздер жүргізіп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.Related news
The Development Bank of Kazakhstan, which enriched the Nazarbayev dynasty, will be radically reformed