Енді оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон ұстауға тыйым салынады

4200
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/8b3f30c6-dbc0-4a8e-b77a-e973bf3dfc06-960x500.jpeg?token=3563b2df67c62a7d17d1285e1ff5dee0

Мектеп оқушыларына сабақ үстінде телефон ұстауға болмайды. Бұл туралы Парламент сенаты бүгін тиісті заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді. , деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Оқу процесінде ұялы телефондарды пайдалануға шек қоюды енгізу, тестілеусіз бірінші сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезекті қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, діни сипаттағы ақпараттың таралуына жол бермеу және суицидке шақыруды болдырмау шараларын қабылдауды көздейтін нормалар ұсынылған", - деді сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы.

Сенат депутатының айтуынша, заңда оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға шектеу қою туралы норма бар. Үзіліс кезінде телефонды ұстауға болады.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерді қауіпсіздік құлыптарымен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы норма да бар.

Егер мектепте арнайы ұяшықтар болса, оқушы сабақ кезінде телефонын сонда қояды. Егер ондай жағдай жасалмаса, телефонын сөмкесіне салады. «Білім сапасын арттыру үшін осындай норма арнайы қабылданып отыр», деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева.

Comments