Жазықсыз сотталған Алматы қаласының тұрғыны Ернар Сейдазовтың ата-анасы BI-GROUP холдингінің төрағасы Айдын Рақымбаевқа үндеу хат жолдады.
«BI-GROUP» холдингінің еншілес компаниялары – «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-де 2 ай ғана жұмыс істеген Ернар Сейдазов «96 000 000 теңгенің материалын ұрлап кетіпті» деген жалған айыппен 8 жылға сотталған. Үкімді Алматы қаласы Алатау аудандық соты шығарған. Қамаудағы жігіттің ата-анасы Аширхан Сейдазов пен Камиланың Нурмаханова соттың шешімімен келіспейді. «BI-GROUP» холдингінің еншілес компаниялары – «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің жеке ақшасы болса бір сәрі, бірақ мемлекеттің тапсырысымен мемлекеттің қаржысына мемлекеттік мектептер салынып жатқанын Алматы қаласы Алатау аудандық соты мен Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі алқасы мүлде елмеген. Льдетаев, Арыстанбеков деген қызметкерлер жалған куә болып, Ернар Сейдазовтың мойнына «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің басшылығы жымқырған ақшаны көзбояушылықпен арта салған. Бұған дейін Ернар Сейдазовтың ата-анасы Президент Тоқаевқа да, Мәжілісі депутаттарының атына да араша сұрап, хат жазған. BI-GROUP холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев мырзаға! Құрметті Айдын Рақымбаев! Сізге еліміздің дамуына үлес қосып жүрген озық ойлы азамат, әділдік, шындық, заңдылық қағидаларын құрметтейтін адам ретінде осы хатты жолдап отырмын. Менің хатымды көңіл бөліп оқып, оң жауап бересіз деп үміттенемін. Бұл хатта көрсетілген жағдайлар мен фактілер тек менің өтінішімді ғана емес, Сіз басқарып отырған холдингтің филиалдарындағы заңсыздықтарды, тәртіптің жоқтығын, қызметкерлердің жауапсыздығын, әсіресе қаржы саласындағы ережелердің дөрекі бұзылуын қамтиды. Мен Нурмаханова Камила BI-GROUP холдингінің «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нде жабдықтаушы болып 2021-2022 жылдары 2,5 ай жұмыс істеп, сол 2,5 айда «Каспако» ЖШС-не 62 426 380 теңге, «Bi Global» ЖШС-не 33 679 175 теңге шығын келтірді деген айыппен сотталып кеткен Сейдазов Ернардың анасымын. Иә, менің балам сот үкімімен айыпты деп танылды, бірақ сот істі әділ заңды қарамады, заңсыз үкім шығарды. Заңсыздықтың дәлелі сол – жоғалмаған затты да ұрлады деп соттап отыр. Заңсыз үкімнің шығуына «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің материалдық жауапты тұлғалары мен қаржылық қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің заң талаптарын дөрекі түрде бұза отырып жасаған құжаттары негіз болды. Сол қызметкерлер келтірілген шығынның жауаптылығынан өз бастарын алып қашу үшін барлығын менің балам Е.Сейдазовтың мойнына ілуге барларын салды, сол үшін соттың өзіне ықпал жасады деп ойлаймын. Себебі сот: - «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің жасаған түгендеу тізімдері (инвентаризационные описи) ҚР Қаржы министрінің «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығының ( ҚР ӘМ-нде 2015 жылы 6 мамырда № 10954 тіркелген) Түгендеу жүргізу тәртібі туралы 4 тарауының 61, 65, 67 тармақтарын өрескел бұза отырып жасалғанына; - түгендеу тізімін жасауға комиссия мүшесі ретінде қол қойған қызметкерлердің сотта өздерінің түгендеуге қатыспағанын айтқанына, - түгендеу тізімін түгендеуге қатысуға болмайтын адамдар жасағанына; - «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нде бухгалтерлік іс-құжаттардың қалай болса солай жасалатынына, ол құжаттар кім көрінгеннің, тіпті сол мекемелерде жұмыс істемейтін адамдардың қолында жүретініне - жоғалды деген материалдарды учаске басшылары қабылдап алып, бухгалтерия арқылы өткізіп, жеткізушілерге ақшасын төлеп қойып, одан соң ол материал жоғалды деп менің балама жала жауып отырғанына; - менің балам Е.Сейдазов жұмыс істемеген кезде жоғалыпты деген материалды да менің баламның мойнына ілгеніне; - түгендеу тізімі мен аудит, сараптама және сот үкімі бойынша материалдар мен шығын көлемі бойынша айырмашылықтарға - іс бойынша материалдардың Жеткізуші компаниялардан нақты алынған-алынбағанын дәлелдейтін құжаттардың жоқтығына - сотта «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің қызметкерлері өз қызметтікRelated news
Камила Нурмаханова