Қазақстан Өзбекстанмен және Қытаймен трансшекаралық өзендердегі суды бөлу туралы келісімдерге қол қою жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті. Министр трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және көршілес мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларға тоқталды. Елдегі 8 су бассейнінің 7-і трансшекаралық болып табылады. Соның салдарынан Қазақстан негізінен көрші елдердің (Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдері) су шаруашылығы саясатына тәуелді болып отыр. Министрлік трансшекаралық су объектілерінRelated news
“Адырна” ұлттық порталы