«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтар туған елінің Елтаңбасын жақсы білмейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Зерттеуге Астана мен Алматыдан әр түрлі жастағы 500-ден астам адам қатысқан.
Ал олардың көпшілігі – 70%-ы, өкінішке қарай, ұсынылған 6 нұсқаның ішінен дұрыс Елтаңбаны таба алмаған. Олар тіпті тұлпардың орнына айдаһар бейнелерін таңдаған.
Сонымен қатар, сауалнама нәтижелеріне сәйкес, елтаңбаның жекелеген элементтері нені білдіретінін халықтың 70%-ға жуығы білмейді.
Сондай-ақ, респонденттер Қазақстанды еркіндікпен, қонақжайлылықпен, отбасылық құндылықтармен, достық пен бірлікпен байланыстырады, бірақ елтаңбамен мұндай байланыстар жоқ.
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis