Алматы әуежайында жалған төлқұжатпен үш шетелдік ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеп.
«15-16 қаңтарда Алматы халықаралық әуежайында шекаралық бақылау кезінде жалған құжатпен келген Франция мен Грекиядан келген үш шетелдік ұсталды», - делінген хабарламада.
Құжаттардың жарамсыздығы арнайы техникамен тексерілді. Жалған төлқұжаттар тәркіленді. Екі тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, бір шетел азаматы елден қуылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі шекарашылар жарамсыз және шетелдік төлқұжаттарды пайдаланудың 18 фактісін тоқтатқан.
Related news
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
