Жол апаты: Оралда үш көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды

2261
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhol-apaty-960x500.jpg?token=a32f6bdd27479b8cbda95bc2ee1fbb44
Оралда жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 6 қаңтар күні кешкі уақытта Оралда жол апаты болды. Үш көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті. Бір науқас ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Оралдағы "Оқтан" жанар-жағармай құю бекеті маңындағы айналма тасжолда үш көліктің қатысуымен жол апаты болғанын мәлімдеді.
"Жол апатынан бес жолаушы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Comments