Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде қатарынан үш ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
19 жастағы шахматшы Әзірбайжан мен АҚШ-тан келген қарсыластарын, тағы бір қазақстандық Ксения Балабаеваны жеңіп, 8 турда 5,5 ұпай жинады. Бибісараның жеңісті сериясы 34-ші орыннан 12-ші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары.Айта кетейік, үздік отыздыққа тағы үш қазақстандық шахматшы кірді - Зарина Нұрғалиева (5 ұпай, 20-орын), Назерке Нұрғали (5 ұпай, 24-орын) және Ксения Балабаева (5 ұпай, 27-орын).
Related news
The Embassy of China in Kazakhstan celebrated the 74th anniversary of the founding of the Republic of China
The 80th Anniversary of the Great Victory. 2.5 Billion Tenge to Be Allocated for the Military Parade
