Балаларға жыныстық қатынас үшін ақша ұсынған қарағандылық 8 жылға сотталды

2031
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/temirtor-960x500.jpg?token=0b233cbc2c6e0ea672f62fefe061064b
Қарағандыда балаларға жыныстық қатынас үшін ақша ұсынған ер адам 8 жылға сотталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудандық соты 34 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Қарағанды ​​тұрғынының бес кішкентай балаға жыныстық қатынас үшін ақша ұсынып, әдепсіз әрекеттер жасағанын анықтаған.
“Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушілер, олардың заңды өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Прокурор сотталушыны өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады”, – деп мәлімдеді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.
Comments