Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.
Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және аса жауапты қызметіне табыс тіледі.
Ақорданың ақпаратынша, Қазақстан мен Әзербайжан президенттері екі ел халықтары арасындағы достық қатынастар мен дәстүрлі бауырластық байланыстарға көңілдері толатынын айтты. Басшылары Әзербайжан президентінің Қазақстанға сапары кезінде және биыл қараша айында Бакуде өткен СПЕКА саммиті аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды.
Related news
"The operation was carried out for more than half a year." The NSC brought a 7-year-old girl from Syria to the country
