Алматы қалалық полиция департаменті 47-автобустың бір топ адамды қағып кеткен сәтінің видеосын жариялады. Қайғылы оқиға бүгін, сағат 18:15-те болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Басқарманың баспасөз қызметі қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғандығын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын жазды.
Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
«Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы(бұзақылық) және ҚР ҚК-нің 351-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Осы бап бойынша ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған адам ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды»,—делінген хабарламада.
Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
