Байырғы қару-жарақ жасаудың қас шебері, ҚР өнер қайраткері, Түрік Әлемнің Темірші сыйлығының иегері, ағайынды ұсталардың үлкені Тұрсынжан Құлментегі мәңгілік мекеніне аттанды.
Суық хабарды Facebook қолданушылары бөлісті.
Тұрсынжан Құлментегі ұрпақтан-ұрпаққа қан, ататек арқылы қонатын өнердің бірі де, бірегейі ұсталық өнерді өмір бойы серік еткен. Ол ағайынды үш ұста – Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлментегілердің үлкені.
Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз