Темірден түйін түйген ардагер ұста Тұрсынжан Құлментегі дүниеден озды

2152
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/mycollages-8.jpg
Байырғы қару-жарақ жасаудың қас шебері, ҚР өнер қайраткері, Түрік Әлемнің Темірші сыйлығының иегері, ағайынды ұсталардың үлкені Тұрсынжан Құлментегі мәңгілік мекеніне аттанды. Суық хабарды Facebook қолданушылары бөлісті. Тұрсынжан Құлментегі ұрпақтан-ұрпаққа қан, ататек арқылы қонатын өнердің бірі де, бірегейі  ұсталық өнерді өмір бойы серік еткен. Ол  ағайынды үш ұста – Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлментегілердің үлкені. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!  
Комментарии
Другие материалы