Риддердегі Хариузовка өзенінде су деңгейі көтеріліп бірнеше ауланы су басты

1803
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/a76582d7-bb75-4686-b54c-c223fd658af6.jpeg
Риддердегі Хариузовка өзенінде су деңгейі көтеріліп бірнеше ауланы су басты. Жедел штаб құрылып, түннен бері жұмыс жасап жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Өзен арнасындағы мұз еріп, су деңгейі көтерілген. Салдарынан Риддердегі жеке сектордың 4 ауласы мен Киров көшесіндегі 2 жер үйді су басты. Қала әкімдігі тұрғындарға уақытша “Риддер колледжі" ғимаратын паналауды ұсынған. Бірақ жергілікті халық эвакуациядан бас тартқан. Қазір қалада суды сорып алу жұмыстары жүріп жатыр.
Comments