Қазақстанға 42 градус аяз келеді

2794
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/izobrazhenie_2023-12-06_130426864.png
Синоптиктер Қазақстанда 7-9 желтоқсанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде суық солтүстік-батыс антициклонының басып кіруімен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде, Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын сақталады (жаңбыр, қар). «Түнде ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градусқа дейін, республиканың қиыр солтүстігінде 42 градусқа дейін, орталықта және шығыста 42 градусқа дейін төмендейді. Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында желдің күшеюі күтіледі», - делінген хабарламада.
Comments