Италияның Коллальбо қаласында жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында өтіп жатқан Әлем Кубогының 2-ші кезеңінде конькимен жүгіруден Қазақстан алтын мен күміс жүлделеріне ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Инесса Шумекова 1000 метр қашықтықта жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Ол 1:22:34 нәтижесін көрсетті.
Дәл осы бағдарламада өнер көрсеткен Арина Ильященко 1:22:61 уақыт көрсеткішімен күміс иеленді. Одан кейінгі сатыға Польша өкілі Магдалена Смедзик (1:23:20 секунд) жайғасты.
Айта кетейік, байрақты бәсекеге 27 елден 230 спортшы қатысуда.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended