Алматы шаһарында ЖӨӨ ШОБ үлесі 60 пайызды құрады

1411
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/125640.jpg
Алматы қаласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15,5%-ға өсті. Қала экономикасы басқармасының мәліметінше, аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласы елімізде көш бастап тұр, деп хабарлайды «Адырна тілшісі». Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны биыл 1 тоқсанында 21%-ға, яғни 871,9 мың адамға дейін өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері осы жылдың 1 тоқсанында 14,1% өсіммен өнім шығарды, бұл 3 884,7 млрд теңге. Жетісу ауданында өнім шығару 6,3% төмендеген, ал барлық басқа ауданда өсім байқалады», - деп хабарлады кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы. Шағын бизнес қызметін жандандыру үшін Almaty Business аясында басым салаларды қолдаудың жаңа құралдары әзірленді. 2023 жылы ШОБ-тың ЖӨӨ-ге салымын 60%-ға дейін артады деп болжанып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 57,8% болды, деп қорытындылады қалалық әкімдік өкілі. Жалпы, мегаполистің 2023 жылдың тамызында іскерлік белсенділік индексі 55,2% -ды құраған.
Comments
Other materials