Несие төлеу үшін баласын сатпақ болған

2342
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/sәbi-saudasy-960x500.jpeg?token=81e5c8337705ac19b220057f5e96e98c
Алматы облысының тұрғыны несиесін төлеу үшін баласын сатып жіберген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  24 жастағы жүкті әйел “баламды сатамын” деген хабарландыру жариялап, баласы жоқ ерлі-зайыптылармен танысады. Олар әйелдің несиесін өтеп беріп, орнына баланы алатын боп келіскен екен. Осыған ұқсас тағы бір оқиға Шымкент қаласында да тіркелген. 23 жастағы әйел 45 жастағы әйелмен делдал арқылы келісімге келіп, баласын сатуға бел буған.  Прокуратураның хабарлауынша, қазір күдіктілер қамауға алынып, нәрестелер балалар үйіне тапсырылды. Аталған фактілер бойынша «кәмелетке толмағандарды саудалау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.  
Comments