Ақмолада тұрғын үй өртеніп, 3 бала қайтыс болды. 6 айлық нәресте аман қалған

2241
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/zauyt-өrt-960x500.jpg?token=3e6f40b5001c21895dd93cbb1a3d0f99
25 қарашада Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, үш кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Халық үніне сілтеп. Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев ауылында үй өртеніп, үш кішкентай бала көз жұмды. Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 2 жасар ұл мен 6 жастағы қыз баланың мәйітін алып шықты. Кейін үйінді астынан тағы 1 баланың мәйіті табылды. Өртенген үйден тек 6 айлық сәби аман қалған. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектескен. Әзірге құзырлы орган тарапынан өзге мәліметтер тараған жоқ.
Comments