Ақтөбеде жол апатынан бір адам қаза тауып, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"25 қарашада сағат 9.30-да Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұзтөбе тас жолының 225 шақырымында Renault Duster автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, аударылды. Жол-көлік апаты салдарынан төрт жолаушы Қобда ауданының орталық ауруханасына жеткізілді, кейін бір жолаушы ауыр дене жарақатынан ауруханада қайтыс болды", - деп жазылған ПД хабарламасында.Полицияның мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқан азаматтар Ойыл ауданының тұрғындары болып шықты.
Related news
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".