Қостанай сотының бұрынғы судьясы Асқар Дәрбаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Наша газета басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, экс-судья жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Айта кетейік, облыстық соттың әкімшілік алқасының төрағасы Асқар Дәрбаевқа кәсіпкер Михаил Корнеевтен 19 миллион теңге көлемінде пара талап етті деп айып тағылған. Судья 2022 жылдың 17 тамызында парамен ұсталған еді.
Пара берген делдал, кәсіпкер Елжас Қалқаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.
Related news
Tennis. Today, the Kazakh youth team, which defeated New Zealand, will compete with the Chinese team.
The conditions of war have changed. Zelensky announced that Ukraine was ready to launch a counterattack