Келесі жылы самбодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Kazinform-ға сілтеп.
Бұл шешімді халықаралық самбо федерациясы қабылдады.
Еліміз бұған дейін дүниежүзілік доданы 2005 жылы қабылдаған еді. Ол жолы қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдеге ие болған.
Елдің балуандары 1992 жылдан бері әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келеді. Бүгінге дейін 26 мәрте биік тұғырдан көрінген.Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis