2009 жылдан бері халық саны 20 пайызға өскен

2164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/13aa182f-13c3-41f2-896b-6933617a5789.png

2009 жылдан бері халық саны 20% өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында «2021 жылғы халық санағының» соңғы қорытындыларын жариялай бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақ қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адамды құраған.
Үш өңірде халық саны 2 млн адамнан асты – Алматы (2 146 576) мен Түркістан облыстары (2 054 021) және Алматы қаласы (2 030 285). Бұл ретте санақ арасындағы кезеңде халықтың ең көп өсуі Астана қаласында – 2 есе (613 мыңнан 1 234 мың адамға дейін), Шымкент қаласында 1,5 есе (730 мыңнан 1 112,4 мың адамға дейін) және Маңғыстау облысында (485 мыңнан 735 мың адамға дейін) байқалды, делінген мәлімдемеде.
Comments