Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған апаттан қаза тапқан 28 кеншінің денесі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департамертінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.«Жұмыстар екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Көрінетін жану ошақтары жоқ. Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған қаза тапқандарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Кейбір жерлерде көміртегі тотығының рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі байқалады. Қазіргі уақытта 28 адамның денесі табылды, 18 кенші іздестірілуде», - делінген хабарламада.Айталық, 1995-2023 жылдар аралығында АМТ объектілерінде қаза тапқандар саны 169 адамды құраған.
«Адырна» ұлттық порталы
Related news
The Ministry of Foreign Affairs told the Kazakhs who disappeared in the zone of the "Golden Triangle".
"It has been raining every day since the rocket launch stop": heavy rains at Baikonur make the country happy