Боралдай су қоймасының құрылысы болжаммен 17 млрд теңгеге бағаланып отыр

1867
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-25_142957577.png
Түркістан облысындағы Боралдай су қоймасының құрылысы болжамды түрде 17 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. «Бүгінгі таңда техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде, алдын ала құны 17 млрд теңгені құрайды. Боралдай су қоймасының құрылысын қаржыландыру мәселесі әкімдіктің ұсынуының қорытындысы бойынша бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Түркістан облысының бюджеттік өтінімі бойынша тиісті жобалық құжаттамасы бар», - деді Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында.  
Comments