Қазақстанда сыра салығы қымбаттайды

3309
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-18_114043006.png
Қазақстан сыра қайнату өнімдеріне акциз ставкасын көтеруді жоспарлап отыр. Бүгін Мәжіліс депутаттары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заң жобаларына тиісті түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Сыра қайнату өнімдеріне акциз ставкасын литріне 79 теңгеден 90 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр. Сонымен қатар, қарастырылып жатқан заң жобасында цифрлық тау-кен өндіру үшін алым мөлшерлемелері туралы айтылады. Оны Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған меншікті генерациялау қондырғыларының электр энергиясын пайдаланған кезде бір киловатт-сағат үшін бір теңге есебімен есептеу ұсынылады.
Comments