Бүгін Ұлан Байжанов Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада. Бас Прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ресми сайтының мәліметінше, Ұлан Байжанов 1958 жылы 9-тамызда Алматы қаласында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы «Қазгуград» КП аға заң кеңесшісі болып бастаған. 1983-1987 жылдары «ҚазкҒЗИ»РҰ бөлімінің бастығы, 1987-1991 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі; 1991-1995 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алқа мүшесі; 1995-1997 жылдары «Алматы – Заң» құқықтық орталығының бас директоры; 1997-1999 жылдары «Қазақтелеком» ААҚ вице-президенті; 1999-2002 жылдары Мемлекеттік кіріс Вице-министрі қызметін атқарған.«Адырна» ұлттық порталы
Related news
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested
The country that will construct the nuclear power plant will be determined in the first half of 2025